24 шілдеде футболдан Қазақстан кубогы топтық кезеңінің 3-туры аясында 4 матч өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Кезекті турдың соңғы ойын күнінде кездесулер Петропавл, Алматы, Атырау және Ақтөбеде өтеді.

Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де Петропавлда жергілікті «Қызыл-Жар» мен шымкенттік «Ордабасы» кездеседі. Ойын «Қарасай батыр» стадионында өтеді.

19:00: «Қайрат» Алматыда түркістандық «Тұранды» қабылдайды.

20:00: «Атырау» мен «Тараз» арасында матч өтеді.

21:00: «Ақтөбе» мен қызылордалық «Қайсар» кездеседі.

Фото pflk.kz