Астананың қорғаушысы Энео Битри «Ариспен» ойыннан кейінгі ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ия, өте маңызды жеңіске жеттік, өйткені біз өте мықты қарсыласпен ойында жақсы ойнай алдық. Дебют туралы айтатын болсам, мен мұнда сапарымды ең жақсы жолмен бастадым деп ойлаймын. Сондықтан оған өте қуаныштымын. Жанкүйерлер де мені керемет қолдады. Бізді Грецияда қиын кездесу күтіп тұр, бірақ соңына дейін күресеміз», - деді Битри.

Айта кетейік, Конференция Лигасы екінші турының бірінші матчында «Астана» 10 ойыншымен «Аристі» 2:0 есебімен ұтты. Аталмыш ойында Томасов дубль авторы атанды атанды.