«Црвена Звезда» футбол клубы Instagram-дағы ресми парақшасында Чемпиондар лигасындағы «Қайратқа» қарсы матч алдында әуежайда сербиялық теннисші Новак Джоковичтің суретін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әлемнің ең үздік теннисшісі Новак Джокович өзінің жақсы досы Деян Станковичпен кездесуінде Қазақстаннан жеңіспен оралуын тіледі», - деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» - «Црвена Звезда» арасындағы алғашқы матч 21 шілдеде сағат 20:00-де Алматыда өтеді.