Чемпиондар лигасы екінші кезеңінің алғашқы матчында армениялық «Алашкерт» пен молдовалық «Шериф» кездесті, деп жазады Prosports.kz.

«Шериф» қорғаушысы Энрике 83-минутта гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.

28 шілдеде командалар Молдовада қарымта матч өткізеді.

Айта кетейік, бұл жұптың жеңімпазы келесі кезеңде «Қайрат» - «Црвена Звезда» жұбының жеңімпазымен ойнайды.

«Алашкерт» Армения – «Шериф» Молдова – 0:1

Гол соққан: Энрике, 83 (0:1).