Мәскеулік ЦСКА жаңа маусымға дайындық барысында соңғы жолдастық матчын өткізді. Қарсыласы «Нижний Новгород» командасы болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

ЦСКА бұл ойында 2:1 есебімен жеңді. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов қосалқы құрамда болғанымен, алаңға шыққан жоқ.

25 шілдеде мәскеулік клуб РПЛ жаңа маусымындағы алғашқы матчын өткізеді, Зайнутдиновтің командасы «Уфамен» кездеседі.