«Қайрат-Мәскеу» командасы Instagram-парақшасында Ұлттық футбол лигасының екінші дивизионы бірінші турында «Ленинградец» қақпасына соққан екі голының видеосын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойын 2:2 есебімен аяқталған. «Қайрат» сапында Вячеслав Швырев (3-минут) пен Данияр Әлімжан (14-минут) гол соқты.

Біріншіліктің екінші турында «Қайрат» 24 шілдеде «Смоленскті» қабылдайды.