Нұр-Сұлтан қаласында екінші “Челленджердің” жекелей, жұптық және іріктеу ойындарының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі. Қазақстандық теннисшілер арасында алғашқы болып еленген Денис Евсеев Beeline Open Challenger 80 Almaty турнирінің жеңімпазы, Нидерланд спортшысы Йеспер де Йонгпен ойнайды. Григорий Ломакин бірінші ойында америкалық Ник Чапелмен кездеседі. Достанбек Ташбулатов ресейлік Иван Недельконың қарымын байқап көреді. Бейбіт Жұқаев монаколық Лукас Катаринаның арынын басып көрмек.Жұптық ойындардың нәтижелері мынадай: Достанбек Ташбулатов пен Данил Озерной қазақстандық Кирилл Колганов/Максим Маслов (Ресей) жұбына қарсы ойнайды. Денис Евсеев Ресей өкілі Артем Дубривныймен бірге бірінші кезеңде украиналық Алексей Крутой және қазақстандық Григорий Ломакинмен кездеседі. Тимур Хабибулин мен Бейбіт Жұқаевты өзбек Санжар Файзиев пен грек Маркос Каловелонис күтіп тұр.Іріктеу ойындарында Данил Озерной Бенджамин Локпен ойнаса, Тимур Хабибулин Артем Дубривиннің шеберлігін байқамаққа ұмтылады, Кирилл Колганов Израиль теннисшісі Эхсай Олиэльді жеңуге тырысады.