Қазақстан волейбол федерациясының төрешілері Филиппиндер мен Жапонияда тамыз және қыркүйек айларында өтетін Азия чемпионатының матчтарына тағайындалды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Волейболдан әйелдер командалары арасындағы 21-ші Азия чемпионатында Филиппинде 29 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында өтеді. Аталған додада халықаралық санаттағы төреші Юлия Акулова қызмет етеді.

12-19 қыркүйек аралығында Жапонияда волейболдан 21-ші Азия чемпионатының кездесулерінде ерлер командалары арасында халықаралық дәрежедегі төреші Айдос Ахметов жұмыс істеуге мүмкіндік алды.