Шымкентте гандболдан V жазғы спорттық ойындары мәресіне жетті. Olympic.kz республикалық доданың нәтижесін ұсынады.

Гандбол бойынша жазғы ойындар 2-10 шілде күндері өтті. Жарыс нәтижесінде Шымкент қаласының құрама командасы І орынға ие болды. Қарағанды облысының құрамасы екінші орыннан көрінсе, Нұр-Сұлтан құрамасының өкілдері үздік үштікті қорытындылады.