Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алматылық «Қайрат» пен сербиялық «Црвена Звезда» арасындағы матчтың нақты уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz қазақстандық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қайрат» - «Црвена Звезда» матчы шілденің 21-і күні, сағат 20: 00-де өтеді.

Командалар арасындағы қарымта ойын 29-ы, елорда уақытымен 00:30-да өтеді.