«Қызыл–Жар» шабуылшы Эрнист Батыркановпен қоштасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісімшарт қос тараптың келісімі бойынша бұзылды.

Футболшы биыл ақпан айынан бастап «Қызыл–Жарда» өнер көрсетті. Ол мансабын 2010 жылдан бастап «Дордой» клубында бастаған. Қырғызстан құрамасында 6 кездесу өткізген.