«Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Алексей Шпилевский алматылық клубтың Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңіне шығуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шпилевский Instagram Stories-те бұрынғы командасын құттықтады.

«Жарайсыңдар, жігіттер», — деп жазды беларусьтік маман.

«Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде хайфалық «Маккаби» командасын екі матч қорытындысы бойынша 3:1 есебімен жеңген болатын.ү