Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Кирилл Кекер хайфалық «Маккабиге» қарсы матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ойыншыларға көп рақмет, олар көп жұмыс істеді және біз жоспарлаған және ойлаған нәрсені жасауға тырысты.

Жанкүйерлерге көп рақмет, олар бүгін керемет атмосфера жасады, біз олардың қолдауын сездік. Бәрін алдағы ойындарға шақырғым келеді, бізге керексіздер!

Енді біз «Каспийге» қарсы кубок ойынына көңіл бөлеміз, сондай-ақ «Црвенаны» да талдап, дайындаламыз - олар біз үшін әлі жұмбақ. Бәрін жеңіспен құттықтаймын!», - деді Кекер.