Шілденің 19-24 аралығында күрес түрлерінен Венгрияның Будапешт қаласында жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігіне Көбен Бөрібай қатысады. Бұл туралы Маңғыстау облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының директоры Нұрсұлтан Амандық мәлімдеді.

К.Бөрібай 2005 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Грек-рим күресінен спорт шеберінен үміткер. Алғашқы бапкері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Темірлан Абишовтен тәлім алған. Көбен қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернатында оқиды.

Айта кетейік, наурыз айында Ақмола облысы, Шучинск қаласында кадеттер арасында өткен Қазақстан біріншілігінде К.Бөрібай 55 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, чемпион атанған еді. мүшесі.