Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Бақтияр Байсейітов Токио Олимпиадасына қатысатын балуандарды атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан командасы Токиода үш салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді:

Мейрамбек Айнағұлов (60 келіге дейін),Демеу Жадраев (77 келіге дейін),Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келіге дейін).

Ұлттық құраманың бапкерлер құрамында Бақтияр Байсейітовтен бөлек Серік Жұмашев бар.