Түркияда грек-рим күресінен халықаралық турнир жалғасып жатыр. Қазақстандық «классиктер» алғашқы екі медальді қоржынға салды, деп хабарлайды Olympic.kz.

60 келіде бақ сынаған Айдос Сұлтанғали мен Мейрамбек Айнағұлов турнирдің қола жүлдегерлері атанды.

Сұлтанғали кіші финалда ирандық балуанды, Айнағұлов түркиялық спортшыны жеңген.