Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық командасы Стамбулда өтетін рейтингілік жарысқа қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.
38 th Vehbi Emre&Hamit Kaplan халықаралық турнирі 18-20 маусым аралығында өтеді. Аталған жарысқа Қазақстан құрамасынан жеті балуан қатысады.
Турнирде бақ сынайтын балуандар:
60 келі: Айдос Сұлтанғали
60 келі: Мейрамбек Айнағұлов
77 келі: Демеу Жадыраев
77 келі: Асхат Ділмұхамедов
77 келі: Тамерлан Шадукаев
87 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов
87 келі: Азамат Құстыбаев
Айта кетелік, аталған турнирден соң Токио Олимпиадасына қатысатын спортшылардың есімі нақты белгілі болмақ. «Классикалық» күрес өкілдері Олимпиадаға үш салмақ дәрежесі бойынша жолдама алғанын естеріңізге саламыз.
Комментарии