Еркін күрестен ұлттық құрама мүшелері Токио Олимпиадасына дайындық аясында соңғы оқу-жаттығу жиындарына кіріседі.

Әсет Серікбаевтың шәкірттері 13 шілде күні Алматы облысында оқу-жаттығу жиынына кіріседі. Балуандар "Ақбұлақ" Олимпиадалық орталығында шеберліктерін шыңдап, Олимпиада ойындары алдындағы соңғы дайындықтарын пысықтайды. Айта кетерлігі, еркін күрес шеберлерінің жаттығу жи

ыны 28 шілдеге дейін жалғасады.