Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде MTK FIGHT NIGHT халықаралық бокс кеші өтеді.

Басты жекпе-жекте қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет ресейлік Алексей Евченкомен қолғап түйістіреді.

Екінші маңызды жекпе-жекте Сұлтан Зәуірбек шотландиялық Ронни Кларкқа қарсы жұдырықтасады. Бәске WBO тұжырыма бойынша екінші орта салмақтағы Еуропа чемпионы атағын беретін белбеу тігіледі.

Сондай-ақ кеш барысында Нұртас Әжбенов, Рай Сейтіжанов, Иван Дычко, Дәурен Елеусінов шаршы алаңға шығады.

Бокс кеші Нұр-Сұлтан уақытымен 16:30-де басталады. Ал басты жекпе-жектер 20:00-де жоспарланған.