Қазақстандық боксшы Серік Мұсәділов (9-0, 9 КО) кәсіпқой рингтегі оныншы жекпе-жегін өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Жерлесіміз бірінші ауыр салмақтағы вакантты NABA чемпионы атағы үшін америкалық Ламонт Кейперспен (10-14-5, 2 КО) жұдырықтасты.

Жекпе-жек барлық сегіз раундқа созылып, 26 жастағы павлодарлық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Серік Мұсәділов әлі кәсіпқой бокста 10 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті.