Қазақстан уақытымен 11 шілде күні таңертең Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC 264 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың бастапқы кардында қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (13-5) әлемдегі жетекші ММА промоушенінің қолдауымен өзінің үшінші жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы - америкалық Джером Ривера (10-5). Екі спортшы да UFC-де жеңіске жетпеген. Жалғас екі мәрте төрешілер шешімімен қарсыластарына есе жіберсе, Ривера үш жекпе-жекте жеңіліп қалды.

Турнирдің басты оқиғасы - америкалық Дастин Порье (27-6-0-1) мен ирландиялық Конор МакГрегордың (22-5) арасындағы шайқас. Соңғы рет екі файтер қаңтарда төбелесіп, Порье тұншықтыру әдісімен ұтқан еді.

Турнир Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 4:15-те басталады. Жалғас Жұмағұловтың жекпе-жегін шамамен 4:30-да тамашалауға болады. МакГрегор мен Порьенің төбелесі таңғы сағат 8-ден кейін өтеді.

UFC 264 тікелей трансляциясын осы СІЛТЕМЕ арқылы UFC Fight Pass платформасынан көруге мүмкіндік бар. Қазақстандық көрермендер алдымен TV-Com платформасында тіркеліп, кейін UFC ТВ арнасынан тамашалай алады.

Жұмағұлов UFC-дегі үшінші жекпе-жегі алдында салмақ шегінен сәтті өтті

Жалғас Жұмағұлов Қазақстан мен АҚШ-тың жаттығуын салыстырды