Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов пен америкалық Джером Ривера UFC 264 турнирі алдында көз түйістірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұмағұлов - Ривера жекпе-жегі 11 шілдеге қараған түні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.

Жерлесіміз үшін алдағы жекпе-жек UFC-дегі үшінші кездесуі болмақ. Алдыңғы екі кездесуде Жалғас төрешілер шешімімен ұтылып қалды.