Каталондық «Барселона» австриялық «Рапид» шабуылшысы Юсуф Демирдің трансфері туралы келісімге келді.

Журналист Фабрицио Романоның айтуынша, австриялық футбрлшы маусымды «Барселонаның» екінші командасында жалда өткізеді.

Мәміле сомасы 500 мың еуроны құрайды. Сондай-ақ, клубта ойыншыны 10 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігі бар.

Өткен маусымда Юсуф Демир 32 кездесу өткізіп, онда 9 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.