Ресей құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шешім РФО-ның кезектен тыс отырысында қабылданды. Ұлттық құрамамен Черчесов 2018 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына дейін жетіп, Еуро-2020-да топта төртінші орын алып қалды.

Черчесовтың ұлттық құрамамен келісімшарты 2022 жылдың 30 желтоқсанына дейін жасалған. Станислав Саламович Ресей құрамасын 2016 жылдан бері баптап келді.