«Лидстің» бұрынғы қорғаушысы Эзджан Алиоскиге мәскеулік ЦСКА көз тікті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мәскеулік клуб 29 жастағы футболшымен келіссөз бастап кеткен. Бұл туралы журналист Николо Скира твиттерде мәлім етті.

Македониялық қорғаушығы ЦСКА-дан бөлек «Галатасарай» да қызығып отыр. Түріктер фаворит саналады.

Қазір еркін агент ретінде жүрген Эзджан Алиоски АПЛ-дің өткен маусымында 36 матч өткізіп, 2 гол мен 3 нәтижелі пас авторы атанған. «Лидс» сапынла футболшы 2017 жылдан бері ойнаған.