УЕФА Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде қазақстандық Владимир Чебурин жаттықтыратын литвалық «Жальгирис» өз алаңында Солтүстік Ирландия чемпионы «Линдфилдті» 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Вильнюстік команда сапында Уго Видемонт (38-минут), Томислав Киш (45, пенальтиден) пен Якуб Сильвестр (67) гол соқты. Ал қонақтардың жалғыз голын Кристи Манзинги (54) салды.

Енді қарымта кездесу 14 шілдеде Белфасттағы «Уиндзор Парк» стадионында өтеді.