«Ордабасы» шабуылшысы Жоао Пауло алматылық «Қайратқа» ауысты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі ресми хабарлады.

Жоао Пауло да Силва Араужо 1988 жылы 2 маусымда Наталда (Бразилия) дүниеге келген. Шабуылшы. АБС футбол клубының түлегі.

Мансабын 2007 жылы бастаған. Ол Бразилия, Оңтүстік Корея және Болгарияның түрлі клубтарында ойнады. 2019 жылы шымкенттік «Ордабасымен» келісімшартқа отырды.

Клубтық мансабында ол 314 кездесуге қатысып, 101 гол соққан және 38 нәтижелі пас берген.

Туған күні: 2 маусым 1988 жБойы: 170 смСалмағы: 61 келіАлаңдағы орны: шабуылшыАзаматтық: Бразилия

Алматылық «Қайратпен» 1,5 жылға жарамды келісімшарт жасалды.