«Қайрат» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Маккабимен» (Хайфа) кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған ойынға черногориялық төрешілер қазылық жасайды. Бас төреші қызметін Милован Милачич атқарады. Оған қос қапталдан отандастары Александар Джиканович пен Драган Вуйович көмектеседі. Ал төртінші төреші – Милош Савович.

Айта кетейік, ойын 7 шілдеде Хайфадағы «Самми Офер» стадионында өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.