«Шахтер» футбол клубы Қарағанды ​​футбол мектебінің түлегі Оралхан Өміртаевпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы қарағандылық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Өміртаев кәсіпқой мансабын 2015 жылы Қарағандыда бастаған. Ол «Шахтердің» жасөспірімдер құрамасында 50 матч өткізіп, 42 гол соқты. Ал басты команда сапында 70 матчқа қатысып, 7 гол соқты және 6 нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ, ұлттық құрама жейдесінде 2 матчқа қатысып, 2 гол соқты. Жастар құрамасы сапындағы 23 матчта 8 гол соқты.

Шабуылшының соңғы клубы қостанайлық «Тобыл» болды.