Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Зальцбургте өтіп жатқан Челленджер турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды, деп жазады Prosports.kz.

Отандасымыз іріктеу кезеңінің финалында ресейлік Алексей Ватутинді жеңді.

Тура екі сағатқа созылған тартысты кездесу 6:3, 1:6, 7:5 есебімен аяқталды.