Қазақстандық теннисші Татьяна Николенко жастар арасындағы Уимблдон турнирінің іріктеу сынында финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда отандасымыз швед спортшысы Клара Милишевичтен басым түсті.

1 сағат 20 минутқа созылған кездесу 6:4, 6:2 есебімен аяқталды.

Ертең, 5 шілдеде іріктеудің финалында Өскемен өкілі чехиялық Никола Бартунковамен кездеседі.