Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында израильдік «Маккабиге» қарсы матчқа баратын құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қақпашылар: Стас Покатилов, Данил Устименко, Темірлан Анарбеков;

Қорғаушылар: Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп, Раде Дугалич, Денис Поляков, Сергей Кейлер, Дино Миканович, Камо Оганесян;

Жартылай қорғаушылар: Арсен Буранчиев, Данияр Үсенов, Небойша Косович, Айбол Әбікен, Сұлтанбек Астанов, Андрей Ульшин, Еркебұлан Сейдахмет, Гүлжігіт Алықұлов;

Шабуылшылар: Хосе Канте, Вагнер Лав, Артур Шушеначев.

«Маккабиге» қарсы матч 7 шілдеде Алматы уақытымен 23:00-де өтеді.