«Ордабасы» шабуылшысы Жоао Пауло алматылық «Қайратқа» ауысты, деп жазады Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, келіссөз 90%-ға аяқталды. Енді келісімшартты егжей-тегжейлі талқылап, мақұлдау ғана қалды.

Бұған дейін хабарлағандай, «Ордабасы» қаржылық қиыншылыққа байланысты көшбасшысымен қоштасуға мәжбүр. Бірақ жарамды келісімшарт болғандықтан, оны тегін жібермейді. Оның трансфері үшін 100 мың жоллар төленуі мүмкін. Prosports.kz сайтының эксклюзивті серіктесі Transfermarkt порталы ойыншыны 1 миллион долларға бағалап отыр.

Паулоға «Астана», «Тобыл», «Шахтер» және «Ақтөбе» клубтары да қызыққан.

Шымкенттік клуб сапынан қазірге дейін Рубен Брижиду, Май Малангу және Бағдат Қайыров кетті. Бұлардан бөлек, Темірлан Ерланов, Тимур Досмағамбетов және Сергей Хижниченко да жаңа команда іздеуі мүмкін.