Мәскеулік ЦСКА италиялық «Кальяри» қорғаушысы Диего Годинге қызығушылық танытты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сagliarinews24.com мәліметінше, 35 жастағы уругвайлық қорғаушы ЦСКА сапына ауысудан бірден бас тартып, Италияда қалатынын айтқан.

Дереккөз ақпаратына сүйенсек, ЦСКА Годинге жылына 4 миллион еуро беруге дайын болып, екіжылдық келісімшарт ұсынған.