Америка кубогының ширек финалында Аргентина құрамасы Эквадорды 3:0 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында аргентиналық шабуылшы Лионель Месси бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Бұл 34 жастағы Мессидің Аргентина құрамасы сапындағы 76-голы болатын. Осылайша, ол Оңтүстік Америка құрама командаларының (КОНМЕБОЛ) футболшылары арасында ең көп гол соққан ойыншы атануға бір қадам ғана қалды.

Оның алдында аты аңызға айналған Пеле ғана бар. Бразилиялық атақты футболшы ұлттық құрамасында 77 гол соққан.