Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (10-0, 7 KO) Алматыда өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады.

10 шілдеде «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде MTK Fight Night турнирі өтеді. Андеркартта Сұлтан Зәуірбек жекпе-жек өткізеді. Қарсыласы Ұлыбритания өкілі Ронни Кларк (21-4, 10 КО) болмақ. BoxRec.com мәліметінше, кездесу жеңімпазына WBO нұсқасы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақта Еуропа чемпионының титулы беріледі. Жекпе- жек он раундтан тұрады.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет жұдырықтасады. Тағы бір басты айқаста британиялық Ли Макгрегор (10-0, 8 КО) шаршы алаңға шығады. Әзірге екеуінің де қарсыласы белгісіз.

Айта кетейік, Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой бокста 9 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Кейінгі жекпе-жегінде украин боксшысы Владислав Мельникті жеңіп, WBC Youth белбеуін қорғап қалды.