Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионымен жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Твиттерде Әлімханұлы Деметриусом Андрадемен сурет жариялап, «Оңай жұмыс» деп жазды.

Еске салайық, Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегін 26 маусымда Лас-Вегаста өткізіп, америкалық Роб Брантты жеңген болатын.