Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Портуда өтіп жатқан Челленджер турнирінде Португалия өкілі Луиш Фариядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші іріктеу кезеңіндегі ойында жерлесіміз 2:6, 6:7 есебімен ұтылды. 1 сағат 45 минутқа созылған матчта Денис бес брейк және бір эйс жасады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Евсеев Истоминмен дуэтте Алматыдағы Челленджерден жартылай финалға дейін шыққан болатын.