«Үлкен дулыға» жарысының 23 дүркін иегері Серена Уильямс Токио Олимпиадасына қатыспайтынын мәлімдеді.

«Қатысатындар тізімінде жоқпын. Болған күннің өзінде қатыспауым керек», – деді теннисші «Уимблдон» турнирінің алдында өткен баспасөз мәслихатында.

Серена Олимпиада ойындарының төрт дүркін жеңімпазы атанған. Ол жеке сында бір мәрте және жұптық сында үш рет жеңіске жеткен.