UFC файтері Дамир Исмағұлов NFC 31 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіліп қалған Фаниль Рафиковқа қолдау білдірді.

«Жақсы жекпе-жектер, қиындықтар әркез шыңдай түседі, басыңды тік ұста!», — деп қолдауын көрсетті файтер.

Кештің басты жекпе-жегінде NFC лигасының бұрынғы чемпионы қазақстандық Фаниль Рафиков (19-5) отандасы Ильдар Құдайбергеновпен (4-0) кездесті. Жеңіл салмақтағы (70.3 кг) титул сарапқа салынған кездесу бес раундқа созылып, Құдайбергенов төрешілер шешімімен жеңді.