Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов бүгін түнде UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

26 жастағы Рахмонов (13-0) үшін алдағы жекпе-жек америкалық промоушен туы астындағы екінші кездесу. Шавкат Лав-Вегаста бразилиялық Мишель Празериспен (26-3) кездеседі.

Рахмонов пен Празерис UFC FN 190 турнирінің ерте кардында бесінші болып октагонға шығады. Кеш 26 маусымда Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталатынын ескерсек, бұл жекпе-жек елорда уақытымен шамамен 00:30-да өтеді.

UFC Vegas 30 турнирін UFC Fight Pass жазылымын сатып алу арқылы (СІЛТЕМЕ) не болмаса UFC ТВ платморфасынан (СІЛТЕМЕ) көруге болады.