Алматыда NFC 31 турнирінің басты жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде NFC лигасының бұрынғы чемпионы қазақстандық Фаниль Рафиков (19-5) отандасы Ильдар Құдайбергеновпен (4-0) кездесті. Жеңіл салмақтағы (70.3 кг) титул сарапқа салынған кездесу бес раундқа созылып, Құдайбергенов төрешілер шешімімен жеңді.

Осылайша, Ильдар Құдайбергенов карьерасындағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Файтер тоғыз жыл үзілістен соң былтыр желтоқсанда карьерасын қайта бастаған. Желтоқсанда ол үш аптада екі жекпе-жек өткізіп, чемпиондық титулға үміткер атанған. Рафиков болса, карьерасында бесінші рет жеңілді.