Қазақстандық файтер Азамат Бақытов (4-0) қазақстандық NFC лигасында дебютін сәтті өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

NFC 31 турнирінде 28 жастағы Бақытов ресейлік Бекхан Омаровпен (3-1) кездесті. Жеңіл салмақтағы (70 кг) кездесу бірінші раундтың 50-секундында аяқталды. Бақытов қарсыласын нокаутқа түсірді.

Айта кетейік, Бақытов кейінгі жекпе-жегін былтыр желтоқсанда өткізіп, Alash Pride турнирінде Хаби Аскарбекті техникалық нокаутпен жеңген болатын.