Қазақстандық OCTAGON лигасының баспасөз қызметі келесі турнирдің өтетін күнін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

21-ші OCTAGON турнирі 16 шілдеде Алматыда өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы қазіргі чемпион (70,3 келі) Ильяр Асханов (8-3) чемпиондық белбеуді Эмрах Шавкатовқа (4-0) қарсы шайқаста қорғайды.

29 жастағы Асханов осы жылдың ақпан айында OCTAGON чемпионы атағына ие болды. OCTAGON 16 турнирінде үшінші раундта техникалық нокаутпен Жандос Жанатты жеңді.

20 жастағы Шавкатов 16 маусымда OCTAGON турнирінде төрешілердің шешімімен Беймурат Ниязовтан басым түсті.

Турнирдің ресми серіктестері - TURAN және 1XBET букмекерлік компаниясы.

Турнирдің серіктесі - UNO сауда маркасы.