«Барыс» хоккей клубы мен Қазақстан құрамасның қорғаушысы Валерий Орехов финляндиялық ХПК клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеді.

- «Барыс» хоккей клубының түлегі Валерий Орехов мансабын Финляндия чемпионатында жалғастырады.

Қорғаушы «Барыс» сапында 4 маусым өнер көрсетті. Жалпы 165 матчқа қатысып 25 (7+18) ұпай жинады.

Валерийге жаңа клубта сәттілік тілейміз! - делінген елордалық клубтың мәлімдемесінде.

Айта кетейік, 21 жастағы ойыншы 2021 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетті.