Алдағы Қазақстан Кубогы оңтүстік астанада 2021 жылдың 17 және 25 тамызы аралығында өтеді. Турнир аясындағы матчтарды «Алматы-Арена» қабылдайды.

Барлық қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әрі қарай алдын ала кезеңнің қорытындысы бойынша жартылай финалдық күресті әрбір топтан екі командадан жалғастырады.

Осы жұптардың жеңімпаздары Қазақстан Республикасының Кубогы үшін таласады.