Қазақстандық OCTAGON лигасының баспасөз қызметі BRAVE CF промоушенімен (Бахрейн) бірлескен турнир өтетінін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Турнир биыл тамыз айында Алматы қаласында өтеді. Күні мен орны жақын арада белгілі болады. BRAVE CF/OCTAGON турнирінде қазақстандық және шетелдік файтерлер өнер көрсетеді. Кештің карды бірнеше аптадан кейін жарияланады.

Бахрейндік промоушен әлемде UFC мен Bellator-дан кейін үшін орында тұратын үздік промоушен. BRAVE CF промоушені UFC-мен де жұмыс істейді, көптеген файтерлер мен чемпиондар UFC- ауысқан. BRAVE CF 2016 жылы шейх Халед Бин Хамад Аль Халифаның бастамасымен құрған. Бес жылға жетер-жетпес уақытта компания әлемнің бес құрлығындағы 22 елде 51 турнир өткізді.

Айта кетейік, BRAVE CF туры асытында бақ сынап жүрген қазақстандық спортшылар бар. Атап айтқанда, Асу Алмабаев, Азат Максум, Нұржан Ақышев, Ринат Сағынтай секілді файтерлер аталған промоушенмен келісімшарт жасасты.

Ал қазақстандық OCTAGON лигасына келетін болсақ, лига биыл алты турнир өткізіп, ал салмақ дәрежесінде чемпионды анықтады (OCTAGON 15-20). Сондай-ақ жас спортшыларға арналған екі іріктеу турнирін өткізді (OCTAGON Selection 9, 10). 21 жылдың алғашқы алты айында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан спортшыларының қатысуымен 100 жекпе-жек ұйымдастырды.