Жақында UFC файтері Забит Магомедшариповке ота жасалады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Спортшыға кішігірім операция қажет, сосын жағдайдың қалай боларын көреміз», - деді Забиттің командаласы Магомед Магомедов.

Дереккөздің айтуынша, Магомедшариповтың операциясы Қазақстанда өтуі мүмкін. Бұған дейін спортшының иммундық жүйесінде проблема болғандықтан ол мансабында үзіліс жасады деп хабарланған болатын.

Сәуір айының соңында бір жарым жыл октогонға шықпағаны үшін 30 жастағы ресейлік UFC рейтингісінен шығып қалған еді. Магомедшариповтың еншісінде 18 жеңіс (6 нокаут) және бір жеңіліс.