21 маусымда және 22 маусымға қараған түні Бухарест, Амстердам, Санкт-Петербург және Копенгагенде футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің кезекті төрт матчы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын күнінің бағдарламасы Бухарестте Украина мен Австрия құрамаларының кездесуімен ашылады. Екі командада да 3 ұпайдан бар. Qazaqstan телеарнасы көрсететін Украина - Австрия матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 21:50-де басталады, ойынды мына СІЛТЕМЕДЕН көре аласыздар.

Дәл осы уақытта Амстердамда Солтүстік Македония мен Нидерланды құрамалары арасында С тобындағы екінші матч басталады. Голландиялықтар топтың турнир кестесінде бірінші орында, ал Солтүстік Македония соңғы орында тұр. Қазақстан астанасы уақытымен 21:50-де басталатын Солтүстік Македония - Нидерланды матчының трансляциясын Qazsport телеарнасын мына СІЛТЕМЕДЕН көруге болады.

Санкт-Петербургте Финляндия мен Бельгия құрамалары кездеседі. Бұл кездесу Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Елорда уақытымен 00:50-де басталатын трансляцияны мына СІЛТЕМЕДЕН көре аласыздар.

Копенгагенде Ресей мен Дания құрамалары арасында текетірес болады. В тобындағы матч Нұр-Сұлтан уақытымен 00:50-де басталады. Ресей - Дания матчының тікелей трансляциясы Qazaqstan арнасында көрсетіледі және мына СІЛТЕМЕДЕН көруге болады.