Лондондық «Челсидің» басшылығы 30 жастағы француз Н'Голо Кантемен келісімшартты ұзартпақ, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Чемпионатқа» сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, келіссөз алдағы айларда басталады. Футболшы мен клуб арасындағы ара-қатынас жақсы, сондықтан «Челси» ойыншының келісімшартын жақсартпақ.

Канте өткен маусымда «Челси» сапында 48 матчқа қатысып, үш нәтижелі пас берген. Оның «ақсүйектермен» қазіргі келісімі 2023 жылы 30 маусымда аяқталады.